Халықтық медицина

Халықтық медицина еміне құлақ түрсек

Мерзімі: 4 қараша 2008 · Пікір жазылмаған
Кірпінің өті көп ауруға ем көрінеді

Кірпінің өтін жарты литр суда қайнатып, суытып, күніне таңертең, кешке бір ас қасықтан ішіп жүрсе талма ауруын жоғалтады. Ал қанын ыстықтай бетке сүртсе сепкіл мен қара дақты кетіреді. Бойына шыр бітпей жүрген адам оның етін пісіріп жесе семіреді. Ол сондай-ақ өкпе туберкулезіне ем.

Қалтылдақ ауруын жазудың жолы бар

Қоянның қанын жылыдай бетке түскен секпіл мен қара даққа жақса із де қалдырмайды. Етін пісіріп жесе, өкпе ауруына шипа. Қалтылдақ ауруына ұшыраған адам қоянның миын пісіріп жеп жүрсе сырқатынан тез сауығуына көмектеседі. Қоянның ішкі майын жас баланың ала-құла шыққан тісінің қызыл етіне үйкеп, ауық-ауық жағып отырса бала тісі біркелкі болып тез өседі. Ал қоянның сыпырып алған жас терісін бала көтермей жүрген әйел 2-3 сағат беліне тартып байлап жүрсе ұрық жүретін жолдардың қабынуын жазады.
Құмырсқа тұнбасын жасап көріңіз

Құмырсқа тұнбасын суықтағанда, тұмауратқанда, ревматизммен ауырғанда терлеу үшін пайдаланады. Оны дайындау да өте оңай. Бөтелкеге жартысына келетіндей етіп құмырсқа саласыз. Үстінен толтыра спирт құясыз. Арақ болса да болады. Оны бірнеше күнге жылы жерге қоясыз. Бұл тұнбаны күніне үш мезгіл 20-60 тамшыдан ішіп тұру керек. Немесе осы тұнбаға дәкені батырып алып, ауырған жерге басуға болады.

Камила МӘДІБЕКОВА.

Шымкент қаласы.

Жыланның етін қалай дайындайды?

Жылан етінің адам денсаулығын нығайтуда пайдасы зор екенін білеміз. Осы мақсатта кейбіреулер жаз шыға жылан етінен сорпа дайындап, ішіп те жатады. Терлеп-тепшіп ішкен осы тамақ ағзаны суықтан арылтып, буын ауруларынан, басқа да сырқаттардан арылтатын көрінеді. Дегенмен жылан етінің қаншалықты пайдасы бар және оны қалай дайын­дау керектігін білмейтіндер де бар.

Жылан етінің қаншалықты пайдалы екенін Қытай, Тайланд, Сингапур, Малайзия, Филиппиндіктер жақсы біледі. Олар емдік мақсатта арнайы жылан фермасын ұстайтын көрінеді. Ал жақында француздықтар жылан етінің обыр (рак) ауруына да таптырмас ем екенін анықтапты. Ол үшін жылан етін жүгері майына қуыру керек екен.

Сонымен, француз емшілерінің айтуынша, кесілген жылан етін табаға салып, жүгері майына әбден шыжғырып қуырады. Содан кейін ауру адамға қуырылған жылан етін бес күн қатарынан түс мезгілінде аш қарынға жегізіп отыру керек. Емделетін адамға жылан етіне дейін нәр татқызбаған жөн. Қуырылған жыланды жеп болған соң екі сағаттан кейін ғана ет пен жұмыртқадан басқасын жегізеді.

Жылан еті адам ағзасын жақсы тазалайды екен. Бірінші аптада бес күн қатарынан, содан кейін жеті күн үзіліс жасап,­ осы ережеге қайта кірісу керек. Адамды обыр ауруынан толық айықтыру үшін бұл ережені төрт рет қайталаған жөн.

Француздардың бұл емін қазір Қытай мен Сингапур сынақтан өткізіп жатқан көрінеді. Нәтижесі көп ұзамай белгілі болып қалады.

«Халық емдері»

*Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
ПИЯЗ БАУЫР МЕН ӨТ ЖОЛДАРЫНА ЕМ

Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.

УКРОП ҰРЫҒЫ СҮТ МӨЛШЕРІН КӨБЕЙТЕДІ

Бала емізіп жүрген әйелдің сүті азайса, укроптың ұрығын қайнаған суға салса, суыңқыраған соң шекер салып ішсе, сүт көбейеді.

ПИОН ГҮЛІ ҚОЯНШЫҚ АУРУЫН ЖАЗАДЫ

Пион гүлінің жапырағын кептіріп, араққа салып қойып экстракт дайындап ішсеңіз, қояншық ауруына ем екен

Азықтық заттар ұқсас болмағандықтан, олардың дәмдері де әртүрлі болады. Сондықтан олардың рөлі де түрліше болады. Халқымыз тарихи тәжірибелерімен азықтық дәмнің рө-лін төмендегідей жинақтаған.

Ашты дәмді азықтықтар: қан жүргізу, суықты айдау, денені жылыту, жел тарату рөліне ие. Мысалы: жем-жеміл, усарымсақ, қызыл бұрыш, тау сарымсағы, қара бұрыш қатарлылар. Жем-жеміл суық тарқатып, суықтан болған тұмауды емдейді. Аскөк желбөртпе және қызылша ауруын емдейді. Қара бұрыш асқазандағы суықты тарқатып, асқазанның суықтан бол-ған ауруын емдейді.

Тәтті дәмді азықтықтар: адамның дене қуатын күшейтіп, шұғыл түрдегі шаншу, бұлшық еттердің тыртысып түйілуін тарқатады, әрі азықтықтықтардың дәмін теңшеу рөлі бар. Мысалы: тұт ағаш жемісі қан толтырып, денені қуаттанды-рады. Жүзім қанды нәрлендіріп,сіңір сүйектерді бекемдейді. Бал өкпені нәрлендіріп, ішекті майдалап әлсіздіктен айықты-рады. Әрі әртүрлі дәмдерді теңшейді. Жүрек аурулыры мен іш ауруларына ем болады.

Қышқыл дәмді азықтықтар: анар, қара өрік ішекті тұтқыр-ландырып қуырады. Ішті қатырады. Долана жемісі іш уытын тиып, ішекті майдалайды, жөтелді басады. Шабдалы әлсіздік терінен айықтырып, адамды сергітеді. Ақшұғынық қанды қуаттандырып, йіңді қуырады. Бауырды жұмсартып, ауырғанын басады, етеккірді қалыпқа келтіреді.

Кермек дәмді азықтықтар: уытты қайтарып, ыстықты ба-сады. Өкпе, жүрек, бүйректегі ыстықты қайтарады. Дымқыл-дықты құрғатып, жалынды қайтарады. Мысалы: балдыркөк – ішті тиып, бауырдың ыстығын қайтарып, бастың ауруымен бас айланып, жүрек лоблын емдейді. Қант қызылшасы – ыстықты басып, уытты қайтарады. Онымен балалардағы жел бөрткен, қарамық, қызылша ауруын емдейді. Иісті үйеңкі – дымқылдықты құрғатып, асқазанды жақсылап, дизентерияны емдеуге қолданылады.

Сор дәмді азықтықтар: денені жұмсартып, түйіндерді шешеді. Денені майдалап, ішекті дымқылдатып, ішті жүргізеді. Мысалы: теңіз құрағы – денені жұмсартып, қақырықты түсіреді. Қалқаншабез ісігіне ем болады. Кептердің еті бүйректі қу-аттандырады әрі диабет(қантты несеп) ауруын емдеп, шөлді басып, дем сығылып, қуатсызданудың алдын алады. Жоғары-дағы әртүрлі дәмдердегі азықтықтардан орынды пайдалана білгенде түрліше дәмдердің өзіндік ерекше қасиеттері ғұмыр жасты ұзартуға денсаулығыңызды жақсартуға пайдалы.

Көз тигенді кетіру үшін ағашқа мақта орап, оны майға майлап, Құран аяттарын оқи тұрып: “Көш, көш!” деп ауруды үш қайтара айналдырып, адам аяғы баспайтын жерге лақтырып тастау керек. От, шырақ, әсіресе Құранның қасиетті сөздері кір қуатты (энергияны) аластап сорып әкетеді. Бұл аластау деп аталады. Ал шырақтың орнына тұз не күл алып, баланың бойынан жүргізіп шығуды ащылау деп атайды. Сондай-ақ ішірткі, бойтұмар да, көз тиюден сақтап, зиянды әсерін жойып жібереді. Тек қана оларды аяққа баспай, жерге тастамай, әжетханаға алып кірмей, ұқыптап сақтау керек. Біз, әрине көз тиюден сақтанудың, оған ем қолданудың халықтық тәжірибеде пайдаланып жүрген кейбір тәсілдерін ғана ортаға салып отырмыз. Сонымен қатар әрбір емшінің көз тигенді емдейтін өз әдісі тағы бар.

Ең жақсысы, әрине сақ жүріп, көз тигізбеуге тырысу. Ал көз тиген жағдайда жоғарыдағы амалдарды қолданған дұрыс.

Үшкіру. Өзіміз нақтылы көріп, куә болған емдеудің бұл түрін көбінесе қарт діндар адамдар жасайды. Үшкіруді кейде “дем салу” дейді. Бұл ем әсіресе мұсылман дініне негізделген. Өйткені, ол Құран сөзін, аятты айту арқылы жүргізіледі. Үшкіруді немесе дем салуды көбінесе кешқұрым, науқастың әлі біткен шақта жүргізеді. Үшкіруші немесе дем салушы науқастың жанына отырып, оның жағдайын байқағанан кейін белгілі бір аятты сыбырлап оқып, аурудың бетіне үрлейді. Бұл, тынысы тарылып, демі біте бастағандай адамға дем бергендей болады. Кейбіреулердің түсінігінше Құран сөзі қасиетті сөз, сондықтан аятты оқып бетке үргенде бойға күш бітеді, еңсені басқан ауру мен уайым қайтады. Осылайша үшкіру емі хал үстінде жатқан адамның, егер ол әлі де есінен танбаған болса, көңіліне демеу болады, онда үміт отын тұтатады. Ол, тіптен науқастың туған-туысқандарына да әсер етіп, олардың да көңілін орнына түсіреді. Сырқат адамның кеселінен жазылып кетуі ықтимал деген сенімін күшейте түседі.

Қадірі өте жоғары халық емінің емдеуінің әдіс-тәсілдерін білу мен пайдалану барлық адамға пайдалы екенін ғылыми тұрғыда анықтап оң бағасын беруде. Мен өзімнің сырқат жандарды ауруынан емдеуімде көбіне халық емінің көп түрлерін пайдаланып әрі байытып келемін.

Халық емінің ерекшелігі

Рахымбаев Амантұр

Рухани-сауықтырушы.

Қырғызстан. Ыстықкөл. Тюп.

Адамзаттың өткен ғасырлардағы өміріне зер салсақ халықтың ішіндегі киелі тылсым күш иелерінің құпиялы сырларына тосқауыл болғанымен, оның жойылуына әсер ете алмады. Тектік қасиет халықпен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапты. Өз жемісін де бере бастады. Сондықтан да болар басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды. Осындай сәтте халық медицинасында баяғы заманнан келе жатқан қазақи емнiң түрi- кәдiмгi қойдың емдiк қасиеттерi жайында бiлген де артық болмас.

Терiге түсiру — қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс «терiге түсiру» деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.

Қой құйрығы — жөтелдi басып қақырықты түсiредi. Тұмаудан кейiнгi созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.

Қойдың жыны — буын, тiзе сырқырағанда, қолданады. Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын тiлiп, науқастың екi аяғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.

Қойдың өкпесi — жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады. Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көкбауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.

Қойдың қарны — асқазан, iшек жолдарының дертiне, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.

Науқас адамның екi аяғын көсiлтiп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семiз қойдың қарнын жылы күйiнде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Бiраздан соң науқас ағыл- тегiл терлейдi. Терi қалмас үшiн екi-үш сағаттан соң киiмiн ауыстыру қажет. Бұдан кейiн де бiрнеше күн сорпа iшiп күтiнген жөн.

Қой өтi — шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады. Шашты тақырлап алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейiн бөртпенiң бетiн су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.

Қойдың жiлiк майы — туберкулезбен ауырған әлсiз адамдар, жиi ауыратын жас балалар жесе, мың да бiр дауа.

Жаңа сойылған қой етi — жұқалап тiлiп, жығылғанда пайда болған iсiкке тағып тастаса, iсiк тез қайтады әрi жара iрiңдемейдi. Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.

Қойдың етiн күйдiрiп, күлiн сiрке суына езiп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанын басады.

Етi сылынып алынған қойдың сүйегiн шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мөшел балаға үнемi iшкiзсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бiтуiне де көмектеседi.

Халық емінің құдіретін түсіну, білу әрі оны пайдалану кез-келген адамға артық етпейді. Дәрісіз шипасы мол бұл халықтық емдік тәсілдің бүгінде қайтадан гүлдене бастағанына қуанамыз әрі қолдағанымыз қажет екенін білген артық болмайды. Біздің қырғыз елінде де халық емшілігіне деген көзқарас оңала бастады. Ал, менің бойымдағы қасиетімнің ашылуына да осы Қазақстанның халық емшілері қауымдастығы мамандары көмегі болды. Осы ұйымның «Құрметті» мүшесімін. Көптен бері ұйымдастырылып жатқан конгрестері мен форумдарына қатысып, өз ой пікірлерімді білдіріп келемін. Сондықтан да дәрісіз емделудің таза түрін халыққа ұсыну емшілердің басты міндеті болуға тиіс.

Балдың емдік қасиеті

Рысбекова Назипа

Халық және рухани емшілік магистрі.

Алматы обл. Шамалған ст.

Бал – емдік қасиеті мол табиғат сыйы. Ол ерте кезден-ақ халық медицинасында кең қолдау тауып, көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина): “Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же” деген екен кезінде. Ал Грецияның ұлы математигі Пифагор: “Менің көп жасауымның себебі – “үзбей бал жеуімнен”, — деп атап көрсетті. Сөйтіп бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған. Балдың құрамында 60-қа жуық зат бар. Олар балдың қай мезгілде, қандай өсімдік гүлдерінен жинағанына, ауа райы мен жер жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Бұлардың құрамында ең көп кездесетін углевод глюкоза мен фруктоза. Олар балдың 70-75 пайызын құрайды. Балдың құрамындағы углевод адам бойына жақсы сіңеді. Углевод әсіресе, жүйке клеткалары мен бұлшық еттер үшін ерекше қажет. Егер қан құрамында углевод азайса, адмның ойлау қабілеті мен дене еңбегіне деген қабілеті күрт төмендейді. 100 грамм бал 355 калория береді.

Балдың құрамында минералды заттар, микроэлементтер де, ферменттер де, витаминдер де аз емес. Сондықтан бал ас қорытуды, ішек қарынның қызметін жақсартады. Бұл организмнің жалпы жағдайын нығайтып, асқазан қышқылының бір қалыпты болуына жағдай жасайды. Халық арасында суық тигенде, тұмауратқанда балды ыстық шай немесе сүтке езіп ішу әдеті дамыған. Бұл өте құптарлық жай. Өйткені, бал әр түрлі ауруларға қарсы организмнің қарсылық күшін арттырады.

Көп жылғы ғылыми зерттеулер балдың асқазан аурулары мен жүйке сырқаттарын емдеуге пайдалы екенін көрсетті. Дәрімен ғана емделген адамдардың әрбір үшіншісінің ал, бал мен дәріні араластырып емделген екі адамның бірінің асқазан жарасы жазылғанын тәжірибе көрсетті. Асқазанда жарасы барлар мен асқазан қышқылы шамадан тыс көп адамдар балды таңертең және түскі тамақтан бір жарым екі сағаттай бұрын, ал кешкі тамақтан соң үш сағаттан кейін пайдаланғаны жөн. Сонда бал асқазан сөлінің бөліну процесін тежеп, қышқылын төмендетеді, жүректің қыжылын басады. Сөйтіп ол ойық жараның жазылуына жақсы жағдай туғызады.

Балды тамақ алдында пайдаланса керісінше асқазан сөлін едәуір көбейтеді. Сондықтан асқазан қышқылы төмендеген адам балды осылай пайдаланғанг дұрыс. Тек балды қайнаған салқын суға (бір стакан суға бір қасық бал) ерітіп ішу қажет.

Есте ұстайтын нәрсе – балды дәрігер белгілеген дәрі-дәрмекпен ғана пайдалану керек. Сонда ғана балдың емдік қасиеті молаяды. Асқазан ауруын емдегенде тәулігіне балдың мөлшері 70-80 грамнан аспағаны жөн.

Бал жүрек-қан тамырларына да қарсы қолданылады. Оның құрамындағы глюкоза жүректің қызметін күшейтіп, көңіл-күйді жақсартады. Жүрек аурулары кезінде (күніне бір шай қасықтан 2-3 рет) пайдалану керек. Өйткені, шамадан тыс жеген бал денеден терді көп бөліп жүрекке салмақ түсіреді. Өкпе туберкулезіне, анемия (қанның азаюы) ауруларына шалдыққанда, шаршап қажығанда балды сүтпен араластырып ішкен пайдалы.

Бал жас балалардың өсіп жетілуіне жақсы жағдай жасап әр түрлі ауруларға организмнің қарсылық күшін арттырады. Балалар күніне 1-2 шай қасық бал жесе жетіп жатыр.

Ұйқысы қашқан, жүйке ауруларына шалдыққандарға да бал таптырмас ем. Мысалы, ұйқысы қашқан адам бір қасық балды бір стакан жылы суға ерітіп, жатар алдында ішсе, ұйқысы тынышталып, жақсы тынығатын болады. Балдан артық ұйқы шақыратын әрі организмге залалсыз дәрі жоқ екенін еске сала кеткен жөн.

“Бал пайдалы” екен деп оны бей-берекет қолдана беруге болмайды. Оны пайдаланғанда организмнің ерекшелігіне қарай, белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Мысалы, кейбір адамдар балды аш қарынға жесе жүректері қыжылдауы мүмкін. Олай болса ірімшікпен, сүтпен, тағы басқа тамақпен араластырып жеу керек.

Орынсыз көп жесе бал да аллергияға шалдықтырады. Мұны да ұмытпаған дұрыс. Ал панкреатит, қант диабеті аурулары бар адамдардың балды тек дәрігердің кеңесінен кейін өте сақтықпен пайдаланған жөн.

Өтейбойдақ бабаның уқалау мен үзу ілімі және бүгінгі үзу тәсілі

Саденова Гүлдария

Шығыс және халық медицинасының магистрі.

Астана қ.

Біз енді ғана біле бастаған сонау XV ғасырдағы қазақтың тамаша шипагері әрі ғұлама ғалымға дейін көтерілген, бүгінгі емшілердің мақтанышы әрі ұстазы Өтейбойдақ бабаның еңбегінің зор екендігін тани бастадық. Ғұлама өзінің уқалау мен үзу тәсілдерінде көп түрлерін ұсынады. Мәселен, уқалау жөнінде:

1. Әуелгі, түйіндеме. Түйіндеулік жанға батымы айқын жерді саусақ үшімен басып, саусақ үшін жөткемей, саусақты ғана айналдырып ұқаламақ шарт.

2. Ендігі батырма. Білеуленген, бөртіп шыққан, қышығыш немесе ұйып тұрған көлгімі үлкендеу желіліс орынға тырнақ табын түсірулік шұбыртқылы із тақылетті тырнақ таңба табын қалдырғылықтық бейнелік ұқаламдық батырма болмағы шарт.

3. Тағы бірі, дөңгелендіргі. Дөңгелентіп, бейне шебер шектілік тақылетті ауырғылық орыннынң бәрін не болмаса бірін бірде екі сауақпен ұқаламақ көзкөземелік.

4. Енді бірі, ысқалғы. Ысқылама деп те аталығысы көземе. Алақанмен иә болмаса саусақпен жоғары-төмен, ілгері-кейін ысқыламақ көземе.

5. Сыдырғылау. Сыдырғы да делінбек. Сыдырғышпен сыдырғылық болғандай ұстамдық тақылеттікпен алақаннан сыдырып өткізгі көз көргілік айқындығы.

6. Жылдыртқы. Науқастың аурулық мүшесінің сыртынан ұқалайтын орынның жүйесі бойынша жылжыта ұқаланбағы көземе.

7. Қақпаулығы. Қақпауылдама да делінбек. Алақан және алуспен саусақтарды босатып, серпінділік тоғалығымен қақпауылдаулық көземе шарт.

8. Мытыңқыл. Мытымақ деп те аталмақ. Мытымақ шарты көземе.

9. Шымшыл. Шымшыма да делінбек. Шымши ұқаламағы көземе.

10. Қос алақан. Науқас тұлғасынан екі алақан арасынаа салып, жіп ескілік тақылетті оң-сол, ілгері-кейін дірілдеулік туғызып ұқалаулықпен жоғары-төмен бағытталмақ жылжытпаулық ұқалам шарты көземе.

11. Бөгделме. Қол талып болмағанда, науқас сүйсінбелік болғанда бөгде затпен лайық табулық ұқаламдық көземе. Селебе, сапы, сабы, шаншыма сабы тақылеттілермен ұмаждаулық.

Сондай-ақ үзбектеме туралы да мынандай тәсілдерін ұсынады. ‡збектеме /‡зу/:-Ќадалѓан жерді /жауырынѓа/ тізерлеп, ќолды ±стап тез ‰зу, шымшып тарту, иыќтан айналдырып ‰зу.

Ќыспаќтаулыќ-екі ќолмен екі жаѓынан ±стап т±рып, иыѓын айналдыру.

Байќамдаулыќ ќыспаќтаулыќтар-байламѓа алып, басын орамал мен байлап ќысу /бас саќинасы/.

Созымдаулыќ- саусаѓы ±йыѓанда созу. т.б.

Б±рамаќ – жалѓыз саусаќпен, ќос ќолды б±рау.

Салмаѓымдыќ – т‰сірлік – толыќ не жартылай, екі аяќ пен басу, жотадан.

Сілкімектеу /кµтермектеу/ — ќолтыќтасы, ылѓалы сілкемектеу. Міне осындай түрлері арнайы түсініктемелер беру арқылы жалғаса береді. Бұл ертедегі шипагердің емдік жүйесінен бүгінгі уқалау жүйесі де бір-бірінен алшақтығын білдірмейді. Мәселен, ем саласында ќандай ауруѓа болмасын массаж жасалатыны айќын. Біраќ массаждыњ ќасиетін, методикасын, негізін білмей ќолдану- адамѓа зиян келтірумен бірдей. Кейбіреулер сол массаждың ќандай б±лшыќ етке салмаќ т‰сіргенін сезбей де ќалады. Сондыќтан массаж жасар алдында єр адам анатомияны тыњѓылыќты бір ќарап шыѓу керек. Тек сонда ѓана ќолдыњ шипасы тиеді.

Енді халыќ емшілері арасында кµп ќолданылатын массаж т‰ріне келсек. Ол – н‰ктелі массаж. Кейбір емшілер µзініњ ем ќолдамысында сондай массаж жасайтынын білмеуі де м‰мкін. Біраќ киелі ќасиет, ќ±дірет к‰шініњ емі сондайлыќ шипа береді. Ол ењ негізгі тєсіл. Н‰ктелі массаж аурудыњ сырқат ағзасына шипа беретінін ешкім де жоќќа шыѓармайды.

Н‰ктелі массаж. Бұл тежейтін нүктелі массаж және қоздыратын нүктелі массаж болып бөлінеді. Массаждыњ б±л т‰рі басќалардан µзгеше. Н‰ктелі массаж организмніњ биологиялыќ активті н‰ктелеріне єсер етеді (2-10 мм). Клиникалыќ тєжірибе жєне эксперименталды зерттеулер н‰ктелі массаждыњ єсерінен организмде айтарлыќтай µзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаѓан н‰ктеде терініњ температурасы кµтеріліп, электр µткізгіш ќабілеті жоѓарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арќылы оњай аныќтауѓа болады.

Н‰ктелі массажды басќаша акупунктура немесе акупрессура деп те атайды. Н‰ктелі массаж инемен емдеу єдісіне ±ќсас, нерв ±штарын тітіркендіреді.

Ќазіргі кезде ѓылымдардыњ айтуынша, адам бойынан 695 н‰кте табылѓан. Олардыњ тек 140-150-ін ѓана массажѓа ќолданып ж‰р. Соныњ µзінде кµптеген н‰ктелер µте сирек пайдаланылады.

Н‰ктелі массаждыњ ќасиеті н‰ктеніњ орналасќан жеріне, к‰шіне жєне ±заќтыѓына тікелей байланысты. Ол бір, екі, ‰ш… саусаќтармен немесе вибрациялыќ аппаратпен орындалады.

Н‰ктелі массаж єр т‰рлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-ќимыл, буын заќымданѓан кезде немесе классикалыќ массаждыњ алдында денені босањсытуѓа, биологиялыќ активті н‰ктелердіњ тиімділігін арттырып, басќа бір н‰ктелердіњ ж±мысын тежей т±ра тєсілімен ќолданылады. Сондықтан халық емшілерінің ішіндегі уқалау мен үзу тәсілдерін пайдаланатындары Өтейбойдақ бабаның әдіс-тәсілдерін пайдалануды дамытса, оның оң нәтиже береріне толық сенуге болады.

Ем болатын қағидалар

Саид Юлдаш Али қажы

Академик, дәрігер,

кәсіби халық емшісі.

ОҚО. Сайрам.

Халықтық емдеу жүйесінің берері мол. Өйткені, оның дәрі-дәрмегінің құрамында адамның ағзаларына зиян келтіретін химиялық қоспалар жоқ.. Сондықтан да оның пайдасын бағалай отырып пайдаланудың маңызы зор.

Тұмау. Тұмауды емдеуде мынадай қоспалар аса тиімді: аршылған сарымсақты ұсақ үгіткіштен өткізіңіз, 1: 1 мөлшерде балмен араластырыңыз. Күніне бір-екі рет ұйықтар алдында бір ас қасықтан жеп, артынан жылы су ішу керек. Сәбіз шырыны мен сүтті және балды теңбе тең мөлшерде араластырыңыз. Бір ас қасықтан күніне 6 рет ішіңіз.

Зәйтүн майының 2 ас қасығын, 2 жұмыртқаның сары уызын, 1 шай қасық бидай ұнын, 2 шай қасық балды араластырыңыз. 2 шай қасықтан күніне 7-8 рет ішіңіз.

1ас қасық бал, 1 ас қасық итмұрын, 1ас қасық қарақат, 1 ас қасық бүлдіргеннің устіне 1 литр қайнап тұрған суды құйыңыз. 15 минут қоя тұрып, тамақтанар алдында, жарты стаканнан күніне 3 рет ішіңіз.

Іш сүзегі. Науқас адамнан және микробты тасымалдаушы жәндіктерден жұғады. Аурудың белгілері: дененің дірілдеп тоңуы, қызудың көтерілуі, әлсіздік, ұйысыздық; терінің бозаруы, бас ауруы тілдің ісінуі, теріде ақшыл-қызыл бөртпеніңпайда болуы, т.б.

Іш сүзегінен сақтану жолдары: санитарлық-тазалық шараларын қатаң ұстану яғни қолды сабындап жуу, көкөністі, жемісті қайнаған салқын сумен жуу, су көздерін таза ұстау, тағамды шыбыннан қорғау,үй ішінің және ауланың тазалығы.

Балалар демікпесі. Балалар демікпесі немесе астманы емдеу үшін, өгей шөптің ашық күн көзіне кептірілген 40 дана жапырағын 0,5 литр араққа бұқтырады. Ол 1 түн тұрса жеткілікті. Содар соң алғашқы күні әлгі жапрақтардың 1 данасын бала ұйқтар алдында оның екі жауырының ортасына жапсырып жатқызады.

Екінші күні ұйықтар алдында тағыда 1 жапырақты енді баланың кеудесіне,кеңірдектен 2-3 елі төмен жапсырып жатқызады.Осылайша барлық жапырақ таусылғанша пайдаланылады.

Сепкіл. Беттегі сепкілді, пигменттік дақтарды ағартып, көрінбейтін етуге болады. 2 ас қасық петрушка ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып,пәс отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарысын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттен кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап,айнаға қарайсыз, сепкіл байқалмайды!

Баспа. Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жауап көлеңкеге кептіріп кепкен соң ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 100 гр.600 гр.суға салып, 15-20 минут баяу жанған отқа қайнатасыз. 40 минут суытып, тамақты аш қарынға және жатар алдында шайқау керек.

2 дана алмұртты 300 гр.сүтке салып 30 минут қайнатып,ішсе ем болады.

Жүрек сырқаттары. Жаңғақ ішіндегі дәндер арасындағы қабыршықтардан 1 ас қасық ұнтағын 250 гр. спиртке 1 ай ауа кірмейтін құйып, салқын жерде сақтау керек. Осының 15-20 тамшысын 50 гр. жылы суға қосып.2-3 ай бойы 3 езгіл ішсе, жүректің барлық сырқатына ем болады.

Долана жемісінің 200 гр.жуып,200 гр.суда 30 минут баяу жанған отта қайнатып, 2-3 ай 1 стаканнан 3 мезгіл ішсе ем.

Қызыл долана ағашы қабығының ішкі жағындағы ақ кілегей қабығын кептіріп,ұнтақтап,2 ас қасығын 1 литр суға салып, 10 минут қайнатып, 2 сөтке тұндырады. Осыған 1 ас қасық бал қосып күніне20-25 гр. үш мезгіл ас алдында 1 ай ішу керек.10 күн демалып, тағы қайталай берсе болады.

Долананың гүлін көлеңкеде кептіреді. Осының 200 гр. ұнтағын 2 литр балға араластырады. 3 мезгіл 3 ай бойы күн сайын ас алдында ішу керек. Бұл жүрек ауруының бәріне ем.

Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүректің талмасын кетіреді.

Алмұрт дәнінің 200 грамын 3 литр суға салып, 40 минут қайнатамыз.Сүзіп алып алма сөлінен 100 гр. қосып, күніне 3 мезгіл 50 грамнан ішіп қысымы қалпына келеді.

Қабығынан аршылған пісте 0,5 кг, сары мейіз 0,5 кг, жаңғақ дәні 0,5 кг алып, әбден түйгіштеп араластырады.Осы қоспаға 1кг құйрық пен 1 кг балды қосасыз. Осыны жүрек ауруының барлық түріне 1 ас қасық 5 мезгіл жеу керек.

Бауыр, бүйрек, асқазан

Жаңғақ қабығын темір келіде ұнтақтап, 100 гр. ұнтағын 3 литр суда, 1 ас қасық бал қосып жарты сағат қайнатады. 1 сөтке тұндырып, 100 гр. алоэ сөлін қосады.Қосындыны өңеші тарылып, ас жүру қиындағанда, ұлтабар асқазан, аш ішек пен тоқ ішекте жарасы бар сырқат адам күніне 3 мезгіл шай қасықпен ішу керек.

Бауыр, өті, көк бауыр және циррозбен ауратындар жаңғақ дәнінің 200 грамын жарты литр спиртке салып, ауа кірмейтіндей етіп тығындап, қараңғы жерде 1 ай сақтап, сүзіп алып, 1 шай қасық 20 гр. сүтке құйып, үш мезгіл аш қарынға ішкен ем болады. Емделу мерзімі 2 ай.

Алма дәнінің сыртқы сүйегін кептіріп, келіде әбден түйесіз. Осының 5 кг 10литр суда 1-2 сағат немесе одан да көп қайнатса, май шығады.Осы майдың 30 тамшысын суға араластырып 3 мезгіл ішсе, 2-3 айда ішек, асқазан жарасы жазылады.

Менің жарты ғасырдан аса медициналық және халықтық емдік қызметімнің барлық сатыларында тек қана, осы сияқты емдік әдіс-тәсілдеріммен сырқат жанға көмек етіп келемін. Бірнеше кітаптың авторымын. Ертеден негізі қаланған болашағы зор халық шипагерлігінің пайдасын білу, салауатты өмір салтын қалыптастырумен оның мәдениетін дамытудың басты алғы шарты болмақ.

Бүйрек қызметін жақсарту жолдары

Сейтбаттал

Тибет медицинасының дәрігері.

Рухани-сауықтырушы.

Алматы обл. Еңбекшіқазақ.

Адамдар үшін барлық ішкі он екі және сыртқы он екі мүшесі де қадірлі де қажетті болып есептелінеді. Оның ішінде қос бүйректің де өзінің атқаратын қызметі бар. Тибет медицинасында бүйрек қызметі жөнінде ерекше қаралған және өзіндік анықтау мен емдеу әдіс-тәсілдері бар. Осыған тоқталсақ: бүгінде, адамдардың 90 % бүйрегі сау емес екен. Оған қоршаған ортадағы ауаның ластануынан және күтінбеу негізі себепкер болып отыр. Кейбір адамдар “аузымыз сасып кетеді” деп пияз жемейді. Ал пияз бүйректің қызметін жақсартушы витамині бар көкініс.

Сондай – ақ, бүйрек, қуық жолдарымен байланысатындықтан оған тас байланса оның да көптеген емі бар. Енді соған тоқталайық: Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.

Бүйрекпен қуық жолдарына байланған тасты түсіру үшін, қарбыз піскен мезгілді қолдану өте қолайлы.

Бір апта тек қара нан мен қарбызды азық етіп, негізі ораза тұтқандай болу керек. Ем қабылдаудың ыңғайлы уақыты түн кезі. Су толтырылған ваннаға не астауға отырып, қарбыз жесе, зәр қысып, құм мен тас кіші дәретпен араласып түседі.

Сондай – ақ, қарбызға тойып алып, жүгіріп жанын қинаса да, тас пен құм кіші дәрет арқылы түседі.

Ал бүйректің қызметін жақсартуға жүгері де мың да бір ем: Оны асып жей беру керек.

Бүйрек қызметі қалыпты емес жағдайға түскенде көз асты әжімденіп, көгеріп кетеді. Көлкілдеп ісіп тұруы да ғажап емес. Енді бұл ауруды биоқуаттық күшпен де емдеуге болады. Ол үшін сеанс алу мерзімі 15 күн мен 30 күн аралығын қамту керек. Қол тигізіп немесе тигізбей жасалатын массаждар түрі өте қарапайым. Алақан жылуымен бүйректі тек аялау керек. Сонда берілген жылу бүйректі өз қалпына түсіреді. Сондай – ақ, бүйрек ауырмау үшін, әуелі суық су ішуді доғарған жөн. Басты бәле осы суықтан басталады. Бүйрекке суық тию, оны барлық қалыпты қызметінің науқастануына алып келіп соқтырады.

Жоғарыда айтқандай салқын судың орнына сүт, айран сияқты ақ тағамдарын пайдаланып, сосын көбінесе қара нан жеу пайдалы. Сондықтан, бүйректің сау кезінде оның ауырмауы адамның өз қолында екен. Егер, жоғарыда айтқан кеңестерді орынды пайдаланса, көп жағдайларда желкеге түскен салмақтан көп адам арылған болар еді. Айтылған кеңестер маңызды және маңызсыз болуы әрбір науқастың тікелей өзіне байланысты болады. Науқастың қағиданы сақтауы, оның сырқатынан тез жазылуынан басты кепілі болмақ.

Мұрным жиі қанайтын еді…

Жаз болса жұмысқа жарамаймын. Өйткені күн ыстықта сәл жүрсем болды, мұрным қанап шыға келетін. Мұндай әдет бала кезімнен бар еді. Аға-інілерім далада емін-еркін жүргенде мен көлеңке сағалаумен уақыт өлтіретінмін. Мұрным қанай беретіндіктен қыдыра да алмаушы едім. Ең қызығы үйленгенше осыдан арылудың амалын іздестірмеппін де.

Тек отау тігіп, шаңырақ көтергеннен кейін, бірде қайынжұрт­қа баратын болдық. Жолда қиналмас үшін таң атпастан жолға шықтық. Күн шықпай қонаққа жетіп бару ыңғайсыз екен. Ал бажалар бильярдқа шақырғанда тіпті қиналдым. Бас тарту – ұят, бару – қиын. Амал жоқ шаңқай түсте көшеге шықтым. Көп ұзамай-ақ мұрнымнан қан тамшылай бастады. Дереу үйге қайттық. Келіншегім алаңдап тұр екен. Ал есік алдында самаурынға шәй қойып отырған енем орнынан атып тұрып, тапшанға барып, шалқамнан жатуымды сұрады. Сөйтіп мұрныма ашудасты ерітіп қосқан мұздай су тамыза бастады. Көзді ашып жұмғанша қан тиыла қалды. Осы амалды­ мен кеткенше күніне үш реттен екі күн істеді де, бізді әдейілеп шаңқай түсте қайтарды. Қатты уайымдадым. Бірақ содан кейін мұрным қанамайтын болды.

Тұрсынбек БАЙТАЛИЕВ.

Жаңғақ жапырағы келіншектерге өте керек

Жаңғақ жапырағы келіншектерге өте керек

«Ауырмаңыз!» газетін тұрақты түрде оқып тұ­рамын. Енді осы газет арқылы өзім секілді жас келіншектерге көмек болсын деген ниет­пен басымнан өткен мына бір оқиға­ны баяндамақпын.

Бойжеткен шағымда үнемі жеңіл киінетінмін. Тіпті күннің ая­зына қа­рамастан үстіме жұқа киім ілуші едім. Анам да, кейіні­рек енем де жылы киіну керек­тігін ескертті. Бірақ мен оған құ­лақ аспадым. Шекемнен шыққан бір тамша терге ыстықтаған кез­дерім көп. Ол кезде суықтың ашық денеге үйір болатынын қайдан білейін?

Сүйегімнен өткен суық­тың азабын балалы болғанда әб­ден көрдім. Бар суық жатыры­ма жиналғандай. Соның сал­да­рынан көптеген ауру­ларға ұшырадым. Жатыр ау­ру­лары­ның түрі де көп екенін сонда барып білдім ғой. Оның бәрі ақкірден басталды. Алға­шын­да гинекологқа баруға уа­қыт таппай жүрдім. Күндер өте ау­руым асқынып, эрозияға соқ­тырды. Ауруханаға да жаттым, түрлі халық емдерін де қолдандым. Біраққ жанымды қинауын қоймады. жатырдағы суы

Қыз баласы құпиясын анасына ғана айтады ғой. Мен де төркініме қыдырып­ барғанымда жағдайымды түгел ана­ма айттым. Ол бастапқыда кінәнің бәрі өзімде екенін айтып, біраз ұрсып алды. Одан кейін аудандағы өзінің таныс дәрі­геріне апарды. Ана­лиз менде суық барын­ көрсетті. Бірақ бұл кезде күш­ті деген­ дәрі-дәрмектің өзі ма­ған әсер етпейтін. Осыны ұққан дәрігер бас­қаша бір амал айтты. Сол құпияның арқасын­да 1 айдың ішінде ауруымнан­ құлан-та­за айықтым. Қазір ашық-ша­шық киінетін бойжеткендерге жаным ашиды. Алдында не күтіп тұрғанын олар білмейді-ау. Ал қажет еткендер қарапайым мына тәсілді қолданып көрсе болады.

Жаңғақ ағашының он дана көк жапырағын шайып, таза су құйылған ыдысқа салыңыз. Үстінен екі жұмыртқа салып, таза піскенше қайнатыңыз. Міне, осы жұмыртқаны ыстықтай жеу керек. Оп-оңай бұл емді күнде таңертең аш қарынға жасаған өте пайдалы. Нәтиже­сін бір айдың ішінде байқайсыз.

Гүлмира ШӘРІПОВА.

Қызанақ иммунитетті көбейтеді

27797674_pomidorМенің жасым 53-ке толды. Құдайға шүкір, денсаулығыма өкпем жоқ. Ауруханаға бару деген мен үшін бала кезде ұмыт болған нәрсе. Сол үшін керемет бір халық емін үйреткен әкеме әлі күнге дейін алғысымды айтып отырамын.

Жас күнімде әкем үйден үнемі қызанақ пен балды үзбейтін. Ол екеуінің денсаулыққа пайдасы өте көп еке­нін қайталаудан да жалықпау­шы еді. Қазір мен де үйден қызанақ пен балды үзбеуге тырысамын. Себебі бұл тәсіл иммунитетті көбейтіп, ағзаға ауру жолатпайды. Мен «Ауырмаңыздың» оқырмандарымен осы құпияны бөліспекпін.

Сонымен, жарты литрлік банкіге сұйық балдың 230-250 грамын құямын да, оны 40 градустық ыстық суға саламын. Бал судай болып то­лық ерігенде қызанақты ұсақтап турап, балдың үстіне саламын. Екеуін әбден араластырып болғаннан кейін тоңазытқышқа салып қоя­мын. Екі күннен кейін қоспаны қайта ысытып, сүт аралас­тырып қайнатамын. Осы қоспаны тағы бір апта тоңазыт­қышта ұстау керек. Уақыты келгенде бір ас қасықтан күніне 7-8 рет жеп отырамын.

Әрине, дайындау уақыты тым ұзақ. Дегенмен бал, сүт, қызанақтың емдік қасиеттері осындай қоспада және әл­гін­дей тәсілде ағзаға күш-қуат беретін, кез-келген аурудың ал­дын алуға сеп болатын қасиетке ие болады. Мұны үш айда бір рет кез-келген ау­рудың алдын алу үшін қолданса да болады. Сонда ауру атаулы сізден аулақ жүреді.

Камила МӘДІБЕКОВА.

Халық емі

Мүйізгек пайда болса, лимон қабығын мәйегімен бірге ыстық суға салып жұмсартып, жатар алдында мүйізгекке басып дәкемен таңып тастау қажет. Осылай 2-3 рет жасағаннан кейін мүйізгекті еш қиналмай алып тастауға болады. Құяңмен ауырсаңыз, ауырған жерге жұқалап бал жағып, үстіне 1-2 қабат дәретхана қағазын, оның үстіне 2-3 қыша қағазын басып, полиэтиленмен жабасыз. Осыдан соң жылы оранып жату керек. Бұл компресті 1-1,5 сағат ұстаған жөн. Егер денеңіз қатты ашыса, ем шарасын дереу тоқтату қажет.

Сүйек сынса, сынық тез біту үшін жақсылап ұнтақталған жұмыртқа қабығын тамақ алдында 30 минут бұрын 1 шай қасықпен жеу қажет. Қабықты ұнтақтамас бұрын оны ішкі бетіндегі пленкадан тазартқан жөн. Ұнтаққа бал және бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Терінің саңырауқұлақ сырқатын жұқтырып алсаңыз, 250 г сұйық балшық алып /бұл үшін құрғақ балшықты алып, сұйық қаймақ секілді болғанша оған салқын су қосып араластырады/, 9% сірке судан 1 ас қасық қосады да жақсылап араластырады. Осы қоспаны зақымдалған жерлерге 1-4 сағат басады. Бұл ем шарасын күніне 1 реттен 12-16 күн бойы орындайды. 2-3 апта демалған соң ем курсын қайталауға болады. Құрғақ жөтел немесе кеудеде сырыл болса, қара аюбадам /черная бузина/ гүлдерінің тұндырмасын ішкен пайдалы: 3-4 ас қасық құрғақ гүлдердің үстіне 1 л қайнап тұр- ған су құйып, жылы орап 1 сағат тұндырады. Тұндырманы ыстық күйінде бал қосып, күніне 3-4 құ- тыдан ас алдында ішеді.

Қан қысымыңыз ауытқыса, 1 шай қасық алма сірке- суын бөлме температурасындағы 1 құты суға салып ара- ластырыңыз. Сусынды қотара ішіп салыңыз. Қан қысымы-ңыз қалпына келеді. Ішек құрты болса, оларды пияз тұндырмасының кө-мегімен жоюға болады. Бұл үшін пиязды бірнеше бөлікке бөліп, суы бар құтыға бір түнге салып қояды. Таңертең пияз бөлшектерін сол суға сығып алады да суды аш қарынға ішеді. Бұл ем шарасын 3-4 күн қатарынан жасау қажет.

Тізе қақсаса, тізеге түйежапырақ не қырыққабат жа-пырағын кезектестіріп басады: бір апта түйежапырақ бас-саңыз, келесі аптада қырыққабат басасыз. Тізенің ауыр-ғаны мүлде жойылғанша, бұл ем шарасын тоқтатпайсыз. Қолқа демікпесі мазаласа, 300 г балға алоэның ұсақтап туралған жапырағын қосасыз да үстіне 0,5 құты су құйып, 2 сағат баяу отта қайнатасыз.

Қайнатпаны суытып, жақсылап араластырып, салқын жерде сақтайды. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдайды.

Адам ағзасын аялау

Мықты денсаулық, бақытты өмір сыйлайды

Адамның он екі мүшесі

Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. Қа-риялардың жадында болар, халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», – деп айтылатыны. Мұндағы 12 ұл адамның он екі мүшесі, 62 қыз – адамның алпыс екі тамыры (алпыс екі мүшеге тараған тамыр), ал ағаш – адамның өзі.

Төрт мүше (екі аяқ, екі қол), жеті мүше тәрізді он екі мүше адамның дене бітіміне бай- ланысты айтылған. Біз бала кезімізде талай естігенбіз, алыс сапардан оралған адамдармен ауыл ақсақалдарының «Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?», – деп амандасып, жөн сұрасқандарын.

Осы қариялардың кезінде он екі мүшенің не екенін санамалап айтып кеткен бір нұсқасы бойынша адамның он екі мүшесі мыналар: Бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асық жілік (екеу), қары жілік (екеу). Әрине, он екі мүшені басқа-ша талдап, түсіндіретіндердің болуы мүмкін. Қазақ – дана халық қой. Жеті қазынаның өзін әртүрлі құлпыртып айтатындай, он екі мүшені де солай түрлендіріп, бейнелей алатынына таласымыз жоқ. Көнекөз, шежіре кеуделердің барлық болжам, талдауы қисынды.

Он екі мүшенің жоғарғы, төменгі деңгейі
Көне заманғы халық емшілері адамның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі денгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындайды. Осынау ғылы-ми тұжырымдама бойынша адамның он екі мүшесінің, яғни қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш – қуаты мынандай:

1. Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады.
2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.
3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.
4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады.
5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.
6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады.
7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.
8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.
9. Түні сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.
10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш – қуаты өте молаяды.
11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.
12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады.
Он екі мүшенің күш — қуаты (энергиясы) шарықтау шегіне жеткенінде сол мүшенің ауруы да асқынады, адам қатты қиналады.
Көрдіңіз бе, он екі мүшенің қабынуы, қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байла- нысты.
Он екі мүше, он екі сағат, бұл да бір табиғаттың жұмбақ сыры.
Ал енді адамның өз ағзасын аялап, түрлі әсерлерден, сырқаттардан қорғап, денесін күте білуі оған мықты денсаулық, бақытты өмір сыйлайды, ажарын арайландырып, түр – тұлғасын сымбатты етіп, өзгелерді жақсы әсер, сезімдерге бөлейді, жақындарын шаттандырып, қуантады. Осыған орай біз халық емшілерінің, дәрігер – мамандардың, данагөй ата – әжелеріміздің ақыл кеңесі, тәжірибесі бойынша адамды түрлі сырқаттардан сақтандыратын жағдайларға, дене күтімінің қарапайым да шипалы тәсілдеріне тоқталсақ.

Адамына қарай ауруы
Ғалымдар көп адамның ауруды өздерінің мінезінен, жат қылықтарынан, рухани жан дүниесінің таяздығынан, адамгершілік қасиеттерден жұрдай- лығынан да табатынын айтады. Яғни, мынандай адамдар- ға мынандай сырқаттар үйір. (Бұл – медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дай-ындалған болжамдар): 1. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдарға тән аурулар: асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттері.
2. Қызғаншақ, өзіне — өзі сенімсіз адамдар бүйрек ауруларына ұшырайды. Қыз- ғаншақтығына көреалмаушы- лық қосылса, бауыры зақым- данады.
3. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, өткенді еске алып тамсанатындар, туған – туыс, ата –анаға көмектесуді ауырсынатындарға тән сырқат-тар: құяң, тағы да басқа омыртқа кеселдері.
4. Үнемі қайғырып, аһлеп – уһлеп жүретіндердің өкпесі дертке шалдығады.
5. Ызақор, ашуланшақ адам-дардың бауыры ауырады.
6. Жылауықтарға тән аурулар: жүрек қабының қабынуы.
7. Үнемі не болса содан шошынып, үрейленіп жү-ретіндердің өт жолы қабы-нады, ағзасы қант диабетіне шалдығады.
8. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр – пыр болып жүретіндер-ге тән ауру: көк бауырының зақымдануы.
9. Тұрмыс – тіршілігіне, маңайындағыларға қорқып – үркіп қарайтындарға бауыр дерті үйір.
10. Шамшыл, өр көкірек адамдар көбінесе бүйрек үсті безінің сырқатынан зардап шегеді.
11. Өзінің көркіне, тартым-дылығына сенімсіз әйелдерге, өзінің бел қуатына күмәнді еркектерге тән аурулар: суса- мыр мен ұйқы безінің сыр-қаттануы.
12. Сезімтал, күйрек адам-дардың өкпесі, қалқанша безі ауырады.
13. Өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау – сараң, дүниеқоңыз адамдарға тән.
14. Шексіз қатты қуану инфарктке әкеліп соқтырады.
15. Өкпешіл адамдарда болатын ауру: лимфа түйіндерінің қабынуы.
16. Шындықтың бетіне «қара көзілдірік» киіп қарайтындарды, ақиқаттан үркетіндерді көз ауруы мазалайды.
17. Өмірім, тұрмыс – тіршілігім қалай болады, нанымды тауып жей аламын ба, деп үнемі үрей құшағында жүретіндер- ге ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиі – жиі болып тұратын жағым- сыз жағдай.
18. Сараң адамдардың ішінде жиналған улар, залалды қосылымдар сыртқа шықпай, ағзасын улайды.
19. Мақсатсыз адамның басы жиі ауырады.
20. Біреулердің (ата –анасының, туған – туыстары-ның, жолдас – достарының, таныстарының, кез – келген адамның) арқасында күнкөретіндердің ішінде дәл өзіндей масыл құрттар пайда болып, ішкен – жегенін сорады, оңалтпайды.
21. Қатыгез адамдардың ағзасында (бауыр еті жолында, бүйрегінде, басқа да жерлерінде) тас пайда болады.
22. Бас көтертпес қиыншылықтарда жүрген-дердің шашы ағарып кетеді.
23. Жетім – жесірлердің, сүйеніші жоқ жалғызілік байғұстардың өкпесі ауырып, жұтқыншағы қабынады.
24. Іші тар, сараң, дүние-қоңыздардың іші де қатады, зат алмасуы да бұзылады.
25. Өзіне — өзінің көңілі толмайтындар жүрек – қан тамыры ауруынан зардап тартады.
26. Аллергияға ұшырай-тындар: ызақор, ашуланшақ адамдар.
27. Өкпелегіш, кешірімсіз адамдардың асқазан астының безі ауырады.
28. Ешкімге де, тіпті Құдай-ға да сенбейтіндердің буын – буындары ауырады.
29. Өз — өзіне сенбейтіндер-дің сүйегі ауырады, тістері тез түседі.
30. Жезөкше, нәпсіқұмар адамдардың иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына шалдығады.
31. Көзі тоймайтын пай-дакүнем, қанағатсыз адам-дардың ағзасында лимфа- қан қысымын жоғарылатып, жағдайсыздыққа душар етеді.
32. Аяғы мен буынына тұз жиналып ауыратындар еңбектеніп, бірақта еш нәти-же шығара алмаған адамдар.
33. Асқазан – ішек, үрпі безі (простата), жатыр ауруларына шалдығатын адамдар – үсті – басын күтінбейтін, өз қажетіне ақша да, уақыт та қимайтындар.
34. Біреудің айтқанын тыңдауға да, орындауға да құлқы жоқтардың шағымы – құлағының ауыратындығы.
35. Басы ауыратындардың көбісі– менмен, өзін өзгелерден артық санайтын, басқаның айтқанын сөз деп тыңдамайтын кісілер.

Адам ағзасындағы аурудың асқынуына мынандай үш жаман қасиет ықпал жасайды:
1. Ашкөздік.
2 . Зәрлілік.
3. Надандық.

Күйзеліс денсаулықты күйретеді
Күйзелісті күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулық-қа зиян. Не болса соған күйгелектену – жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гормондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тар- тылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адам-ның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап – щал-дығатын күйге түсіреді, неше түрлі сұмдық ойлар басына келіп, ұйқысы қашады.
Бұлшық еттерінің салдырап, бастың ауруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруы-ның мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен- дер жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Қырық жылдай стрестің адамға әсерін зерттеп жүрген мәскеулік психотерапевт Инесса Ивановна Папикян былай дейді: «Мен сырқаттарыммен стрестен қалай айығуға болады деген тақырыпта сөз қозғағанымда, олардың бұл үшін немен шұғылданып жүр-геніне айрықша ден қоямын. Бұл тұрғыдан келгенде, кітап оқуыңыз да, бірдеңені тоқу-мен айналысқаныңыз да – бә-рі – бәрі пайдалы, көңіл сергітеді. Демек, маңыздысы адам уақытын текке өткізбегенін қанағаттанушылық көңіл – күймен сезінуінде.
Басқаша айтқанда, не іс-тесеңіз де ынта – ықыла-сыңызбен, ризашылық ықыла-сыңызбен істеңіз. «Мен мұны өзім үшін жасап отырмын. Осыдан ләззат табамын» деп жұмыс істегеніңіз мақұл. Өзі-ңізді де нақ солай сезінсеңіз, торығудан да, күйзелісті күйден де арылатыныңыз анық».

Ендігі әңгіме: дұыс тыныс алу, дұрыс қозғалу, дұрыс ойлау хақында.
Дұрыс өмір сүру дағдысы Дұрыс тыныс алу. Оған иогтардың қарапайым жаттығуларын, тыныс алу терапиясы мен гимнастиканы меңгеру арқылы қол жеткізуге болады. Адам дұрыс дем алумен бірге дұрыс дем шығара да білгені жөн. Сонда әркім өз денсаулықтарын нығайтып, демікпеден айығады.
Дұрыс қозғалу. Адам аз қимылдаса, көп сырқатқа ұшы-райды. Одан арылудың жолы – спортпен, дене шынықтырумен айналысу. Жаттығу жүректің жасаруына, қосымша күш-қуат жинауына, ағзаның қорғаныс күшін нығайтуына оң ықпал жасайды. Жүгірумен айналысар алдында жылдам жүріп дағдыланған жөн. Күніне 15-20 минут жүгіру пайдалы.
Дұрыс ойлау. Халқымыз: «Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам бақытсыз болады, сырқат туралы көп ойлаған адам ауру болады», — дейді. Бұл адамдардың талай рет көзі жеткен ақиқат. Адамның ақылы, ішкі сезімі, рухани күйі өзара байланыста. Сол себепті дұрыс ойламаса, үнемі жамандықтарды еске ала берсе, денсаулығы нашарлайды. Түрлі дертпен күресте адамның өзін-өзі сендіруі үлкен маңызға ие.
Өмірде дұрыс тамақтану да, аурудан дұрыс сақтану да адамның денсаулығында айрықша роль атқарады. Ендігі әңгіме: дене мүше-лерінің күтімі туралы.

Аяқ-қол күтімі
Аяқ терісін тазартып, қорғау Аяқты күн сайын сумен сабындап тұрып жуады. Оны бұлаулап терісін тазарту адамды тынықтырады, қан ай- налымын жақсартады. Аяқ терісі тез жарылады, кей жерлерін аяқ киім қажап тастайды. Мұны қырмызы (календу- ла) араластырылған сумен (1 литр суға 1 ас қасық ) бұлаулау қажет. Аяқты жуған соң башай араларын әбден құрғатады. Аяқ терісінің грибокты ауруларына қарсы оны аптасына 2-3 рет асханалық сірке суымен әйтпесе гигиена лосьонымен сүртеді. Аяқ тершең болса, оны күн сайын жуады, салиции не бор спиртінің 1-2 пайыздық ерітіндісімен сүртіп, тальк себу керек. Тершең аяққа шұлықты күн сайын ауыстырады.

Аяқтың қан айналымы
Адам отырғанда, жүргенде, тұрғанда қан аяқтың күре тамырларымен жан-жақтан жү- рекке қарай қозғалады. Өк-шенің, жіліншік, мықын бұл-шық еттері қимылдағанда жиырылады да, қан қозғалысын жақсартады.
Керісінше, адамның салмағы артқанда, үнемі биік өкшелі аяқ киіммен жүргенде, шылым тартқанда, аз қимылдаған-да ағзадағы қан айналымын қиындатады, тіпті қан күре тамырда тұрып қалады, тіндерде қалдықтар пайда болады. Соның салдарынан аяқ шаршайды, онда ісік ұлғаяды.

Биіктігі 7 сантиметр жіңішке өкше (каблук) тізе буындарына 26 пайызға дейін салмақ түсіреді. Ол аяқты остеоартрит ауруына ұшыратады. Биік өкшелі туфлиді күнде киіп жүргендердің буындары майысады, сирақ пен табан сіңірле-рін әдеттен тыс шаршатады. Соның кесірінен табанда қан дұрыс айналмай, аяқ ісінеді. Негізінен, иілмейтін платформа аяқ киімдер өте зиянды деп саналады. Себебі мұндай аяқ киіммен жүргенде табан бұлшық еттері жұмыс істемей, қан айналымына көмектеспейді.

Артық салмақтың ағзаға, аяққа қосымша жүк екені мә-лім. Аяқ жиі іскенде оған тек 35 градусты температурадағы ваннаны (бұлауды) ғана қолдануға болады. Алайда аяқты ыстық суда көп ұстамау қажет. Өйткені ол аяқтың күре тамыр ауруын асқындырып жібереді, оны флебрит ауруына шалдықты- рады. Өзіңіз, аяғыңыз ыстық буды жақсы көрсе, әлсін-әлсін будан шығып, аяқты суық сумен шайып, шынықтырыңыз. Жылдың көп жүретін жаз айларында, кең аяқ киім кию қажет. Жеңіл кебістерді шұлықпен киеді.

Қол терісін тазартып, қорғау
Қолды кір сабынмен емес, иіс сабынмен жуады. Өйткені кір сабынның құрамында сілті бар. Ол теріні тым құрғатып, тіндерді тітіркендіреді. Жуылған қолды жұмсақ орамалмен сүртеді, қажет болғанда тері жұмсартқыш крем жағады. Қол терісін жұмсарту үшін дымқыл алақан, саусаққа глицерин сіңіреді. Көкөніс тазартарда, қол кірлейтін жұмыстарды атқарарда оған крем немесе жарық май жағып алады. Сонда қолдың кірін оңай кетіруге болады. Кір, еден жуарда да қолға крем жаққан жақсы.

Қол арқылы ауруды анықтау
Адамның қолы қысы-жазы бір жылымаса, ол аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғанын білдіреді.
Қос алақан шоққа қақтаған-дай үнемі лапылдап, қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы күшінің кемігені. Қолдың терісі жарғақтанса, сыдырылып түсе берсе, ағзада А,Д дәрумендері жетіспейді.
Алақан тектен-текке тершісе, дымданса, немесе құрғаса, бозарса қалқанша бездің сырқатқа ұшырағаны. Шынашақ әлсін-әлсін жансызданса, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауыратыны.
Үлкен саусақтар оқтын-оқтын жансызданса, тыныс жолының сырқатқа шал-дыққаны.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсын-дағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, ағзаның сусамырға шалдығуы мүмкін.
Саусақтардың ұшы қан қызыл түске бөленсе, ас қорыту жүйесінің ауыратыны, саусақтың ұшы қоңыр-қызыл түсті болса, бауыр мен бүйректің дімкесі бар.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуыл-дап, қышыса, тоқ ішектің ауруға шалдығуының белгісі болуы ғажап емес.

Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанса, терісі түлеп түссе, өт қалтасы ауырады.
Мұның бәрі халық емшіле-рі мен дәрігер – мамандар-дың зерттеулері бойынша жасалынған болжамдар. Оны емханаға барып, арнайы құрал-жабдықтар арқылы анықтатуға болады. Негізінен, дертке диагнозды дәрігерлердің қойып, емді солардың белгілегені дұрыс. Бұл болжамдар аурудың алдын алу үшін адамдарды сақтандыруға арналған.

Мойын күтімі
Адамның мойын бөлігі басты көтеріп тұрады. Ол өзі- нің құрылымына сәйкес орталық ми мен пери-фериялық арқа арасында аралық аймақтың қызме- тін атқарады. Мойын бөлі-гіндегі аурулар, бас ауруы, құлақтағы шу, бастың айналуы, күйзеліске түсу, қан тамырларының дистония ауруы, т.б. сырқаттар омыртқаның мойын бөлі-гімен тығыз байланысты. Өйткені ол жерде 7 омыртқа орналасқан.
Омыртқа аралық диск – бұл 84 пайызы судан тұра- тын шеміршек. Ол омырт-қаның амортизаторы болып саналады. Осы шеміршекте қан тамырлары болмайды. Шеміршек өзіне қажетті су-ды бұлшық еттерден алады. Бас аурулары иық, қол, мойын ауруларымен жал-ғасатындықтан, омыртқа ар- терияларына қан тасымалдайтын жаттығуларды үз- бей жасап тұру қажет. Мұндайда турникке тартылу, еденнен тартылудың классикалық нұсқасын жасау, мидың қоректенуіне ықпал ететін көкірек бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды (ол «пуловер» деп аталады) орындаған пайдалы. Гантел көтерген де дұрыс.