Емдеу жолдары.

Бас ауруы.

Емдік әдістер: Бас ауырған кезде ең алдымен көз, бауыр, бүйректі тексеру керек. Бас ауруының бірнеше түрі бар. Кейбіреулері- психогендік аурулар болып табылады. Мұндай теріс эмоцияның себептері: қорқыныш, көреалмаушылық, уайымшылдық. Ең қауіптісі мигрень болып табылады. Мигреньмен көбінесе физикалық ауытқуы бар адамдар ауырады. Бұл ауру көбінесе тұқым қуалайды,немесе дарынды, белсенді, энергиялы адамдарда байқалады. Мұндай адамдар көбінесе эмоциональды, жүйкесі нашар болып келеді. Дәрігерлер кейбір бас ауруларын мигрень ретінде қабылдайды. Бас ауырмас бұрын адамда алдын ала белгілер пайда болады. Ол көзінің алдында сары ұшқындар ұшады, жүрегі айниды, бастың бір жағы ауырады. Мигрень- қорқыныш пен уайым эмоциясының салдары. Жас ұлғайған сайын мигрень ұстамасы азаяды. 60 жастан кейін тіптен жойылып кетеді. Мұндай жағдайда тамақтануда қышқылды көбейтетін алма сірке суын қолдану қажет. Сонымен қатар әр тамақтанар алдында 2 ас қасық бал жеген жөн. Бас ауырмаған күнде де 1 ас қасық бал жеген пайдалы. Бас ауруы бал жеген соң жарты сағаттан кейін қояды. Бұл ауруды емдеудің ең тиімді тәсілі- алма сірке суы болып табылады. Осы тәсілді үнемі жасап отырсаңыз бас ауруынан біржола құтылуға болады.

Ғ. Зинуллин.

Инсульт кезінде қалай жәрдем көрсету керек

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз инсульттың белгілерін сезсеңіз, дереу жеде жәрдем шақырыңыз. Ол келгенге дейін науқастың күйін жеңілдетуге тырысыңыз.
— Науқасты еденге немесе кереуетке жатқызыңыз және еңкею бұрыны 30 градус болатындай етіп, басының астына жастық салып, бір бүйірге бұрып қойыңыз. Күрт қозғалыстар жасамауға және науқасты тасымауға тырысыңыз, бұл ұстамалы ауруды асқындыруы мүмкін.
—  Алмалы- салмалы протездерін алыңыз, көйлегінің жағасын шешіңіз, белдікті босатыңыз және аузынан бөлінетін көбік тыныс алу органдарына түспес үшін, оны үнемі орамалмен сүртіп отырыңыз.
—  Науқас тілін тістеп алмас үшін, тісінің арасына орамалға орап тарақ немесе таяқ қойып қойыңыз.
— Сіңір тартылумен қысылған саусақтарын ашуға тырыспаңыз, науқасты бүкіл салмағыңызбен баспаңыз. Бұл ұстамалы аурудың күшеюіне, кездейсоқ буын шығып кетулері мен сынуларға әкелуі мүмкін.
— Терезені немесе форточканы ашып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіңіз.
— Дәрі бермеңіз және мүсәтір спиртін пайдаланбаңыз. Ол тыныс алудың тоқтатуына әкелуі мүмкін.
— Егер оның пульсы сезімлесе, жүрегі тоқтап қалса және тыныс алысы тоқтаса дереу өкпе- жүрек реанимациясын бастаңыз.
Ең бастысы, науқасқа жедел медициналық  жәрдем көрсетілуі керек, себебі инсульт дамыған кезде алғашқы минуттары мен сағаттар қымбат болып табылады.

Егер инсультты болдырмаудың сәті түспесе

Науқас жедел ауруханаға жатқызуды және мүмкін хирургиялық араласуды қажет етеді. Оған бас миының компьютерлік  томографиясы жүргізіледі, жұлын-ми сұйықтығы талдауға алынып, тиісті емдеу немесе қосымша тексерілу белгіленеді. Бірнеше күн ішінде ол нейрореанимация бөлімінде, интенсивті неврология бөлімінде немесе күшті инсульттық бөлімде болады. Дәрігерлер пациенттің өмірі мен инсульттың зардаптарынан толықтай немесе ішінара алу үшін күресетін болады.

Науқастың дұрыс тамақтануы қамтамасыз ету  маңызды. Жұтуы бұзылған кезде оны зонд арқылы тамақтандырады. Егер науқас жұта алса, бірінші күндері оған жеміс- жиек пен шырындар, тәтті шай береді. Екінші күннен бастап диетаны кеңейтеді, бірақ ол жеңіл игерілетін өнімдерден тұруы керек: йогурттан, сорпадан, жеміс және көкөніс пюресінен.

Инсультты кейінгі емдеу өзіне қантамыр терапия курсын өткізуді, ми алмасуын жақсарттын препараттарды қабылдауды, оттегітерапияны, емдеуді қалпына келтіруді немесе айықтыруды (емдеу дене тәрбиесі, физиоемдеу, сылау) қамтиды.