Бастың ауыруы.

Инсульт кезінде алғашқы жәрдем
Жанна Ирнат
[02.12.2009]
Инсульт  — зардаптары бас миы үшін зақымдаушы қауіпті ауру.  Зақым келу аймағына байланысты  қолда немесе аяқта әлсіздік тундайды, сөйлеудің бұзылуы байқалады және кей жағдайларда толық немесе ішінара соқырлық дамиды. Бұл симтомдар  күтпеген жерден басталып, бірнеше минуттан кейін кетуі мүмкін, сондай-ақ қайтадан қайталап, науқаста салдықты туғызуы мүмкін. Өкінішке орай, инсульт адамның өліміне әкелуі мүмкін. Таныстарыңыздың арасында инсульт болып, сау кісі бір күн ішінде науқасқа айналып, төсекке таңылғанын көрген адамдар бар шығар. Сондықтан бірінші сигналдар кезінде оларды біліп, алғаш жәрдем көрсете алғаныңыз маңызды.

Инсульт деген не?

Анықтама бойынша  инсульт (лат.insulto – шабамын, секіремін) – 24 сағаттан артық созылатын немесе кісі өліміне әкелетін, ми функцияларының кенеттен жоғалуымен немесе бұзылуымен сипатталатын, мидың  күшті тамыр патологиясымен себепші болған аурулар тобын ұсынады. Инсульт –  бұл бас миы тамырларының ең қауіпті ауруы. Инсульттың екі түрін ажыратады: геморрагиялық түр бойынша инсульт (қантамырдың жарылуы мен қан құйылу) және ишемиялық түр бойынша инсульт (қантамырдың бітеліп қалуы).

Аурудың даму фоны гипертония,  жүрек аурулары, жүрек жеткіліктіліксіздігі, ми атеросклерозы және т.б. болып табылады. Инсульт – бұл кішігірім функционалдық өзгерістерден мидың кері қайтарылмас құрылымдық зақымдануына дейін ілгерілеуші ауру.

Қантамырдың жарылуының геморрагиялық түрі бойынша инсульт кезінде көбінесе жоғары артериялық қысымның себебінен болады, себебі атеросклероз кезінде артерияның қабырғасы жұқарған. Адам басына соққыны, аса қатты бас ауруы мен сіңір тартылуларды бастан кешеді. Ол ес-түсінен айрылуы немесе аурудан айқайлай  бастауы мүмкін,  көбіне қайта-қайта құсық болады, демі жиі болады, ал беті қызарады. Егер инсульт ми гематомасының пайда болуымен қосылса, адамда сал дамуы мүмкін. Ауру есін жтған кезде  гематоманың пайда болу аймағына байланысты келесі бұзушылықтар белгіленеді: сол жақтан – анық көрінген психикалық ауытқулар, оңнан – сөйлеудің бұзылуы (афазия).
Ишемиялық түр бойынша инсульт кезінде симптомдар азырақ дәлірек көрінеді, сондықтан ол қауіптірек. Науқастың мойын мен аяқ бұлшықеттерінің анық зорлануы байқалады. Ол ушыққан және сасқалақтаған көрінеді, бірақ бұнымен қоса бәрі жақсы екенін айтып, сізді сендіртуге тырысады.  Бір уақыттан соң ауру ұстауы қайтадан қайталанады, ал белгілері күшейеді, бірақ егер дереу медициналық  жәрдем шақырса, адамды құтқаруға және зардаптарынан емдеуге болады.

Инсульттың пайда болу себептері

Инсульттың пайда болуының негізгі себебі жоғары артериялық қысым болып табылады. Сондықтан әрбір адам өзінің «жұмысшы» қан қысымын білуі және ол көтерілген жағдайда оны төмендетуге тырысуы керек. Тұтастай алғанда, егер сіздер гипертониямен зардап шексеңіздер, сіздер дәрігерге көрінуге және дәрілер ішу,  физикалық күш түсулер және арнайы емдәм сақтау тұрғысынан оның ұсыныстарына нақты ерулеріңіз керек.  Сіз сондай-ақ, егер сізде жүрек ауруы, қант диабеті бар болса,  қозғалмайтын өмір салтын жүргізсеңіз, генетиқалық бейімділігіңіз болса,   қан ауруларымен, ми ыдыстарының қабынуымен азап шексеіңз, қанды сұйылтушы дәрілерді (антикоагулянттар, антиагреганттер, тромболитикте) немесе психостимуляторларды  (амфетаминдер және т.б.) қабылдасаңыз қауіп- қатер тобына боласыз.