Қан қысымын реттеу жолдары

Қан қысымын ескермеген қапы қалады

Бұл ауруға халық медицинасы қандай ем қолданады деген сауалға келсек, қан қысымынан болатын бас ауруын дәрі арқылы жазуға болады деуге әсте болмайды. Көп жағдайда дәрі аурудың салдарын ғана жояды. Дәріге үйреніп кеткен ағза тек соны ғана іздеп тұрады және бауыр мен бүйректе дәріден тұнба тұнады. Мұндайда бірінші орында тамақтану екені айтпаса да түсінікті. Кей жағдайда шоколад, кофе, шай, цитрус жемістері немесе никотин, т.б-ға ағзаның қарсылығынан да бас ауырады. Сіз мұны қан қысымын өлшеу арқылы көз жеткізе аласыз. Жеген тамағыңызға ағзаның қарсылығы жоқ екеніне көз жеткізгенде ғана барып келесі іске көшіңіз. Әуелі ағзаны тазалап алыңыз. Ол үшін 2-3 күн қатарынан жеміс- көкөніс шырындарынан басқа нәр татпаған жөн. Шырынды қайнаған сумен араластырып, таңертеңгі 8-ден әрбір 2 сағат сайын ішіңіз. Күнделікті тағамда қышқыл көбейтетін алма, жүзім, клюкованың суын ішкен пайдалы. 1 стакан суға 2 шәй қасық алма сіркесуін ішкен де оң нәтижесін береді. Бидай өнімінің орнына жүгері өнімін қолдану керек. Бүйрек- несеп шығарушы жол болғандықтан қантты, ет, сүт өнімдерін азайтқан жөн. Себебі, олар сілтілі реакция түзеді. Тұз организмде сұйықты ұстап қалады. Сондықтан қан қысымы бар адамдар тұз өнімдерін жеуден бас тартуы тиіс. Бал жүйке жүйесін бұзатын барлық қысымдарды азайтады, қан қысымын төмендетуге әсер етеді. Сондықтан үнемі балды пайдаланып отырудың артықтығы жоқ.

Гипертония (қан қысымының артуы).

Емдік әдістер: Үккіштен жаңа өткізілген қызылшаның шырынын сығып алып, сонша мөлшерде бал қосасыз. Қоспаны дәрі есебінде жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішіп тұрыңыз. Сондайақ жүзім шырыны қан айналымын жақсартады, қысымды төмендетеді, немесе арттырады. Оны 3-4 апта бойы күніне 3 мезгіл ашқарында 1 стакан ішу пайдалы. Бұл кезеңде майлы ет, піскен сүтті, спиртті ішімдікті мүлдем татып алмау керек.

Гипетония (қан қысымының төмендеуі).

Емдік әдістер: Бұл ауруға жүзім шырынының септігі көп.