Аспаздықтағы шөптер

Ғасырдан ғасырға бүкіл дүниеде шөптердің емдік күшін бәрі де біледі, бағалайды және қолданады.

Аспаздықта шөптер кең қолданылады — бұл дайындалған тағамдарға тек ерекше қоректік құндылықты беріп қоймай, сонымен қатар қайталанбас дәм мен хош иіс береді. Не үшін және нақты қандай шөптерді біз қолдана алатынымызды, сонымен қатар олар қандай әсер беретінін білген жөн.
Насыбайгүл

Насыбайгүл жөтелді жеңілдетеді, тәбет ашады, асқазанмен қиыншылықтар болған жағдайда оңды әсер етеді, ас қорытуды жылдамдатады, босаңсытады және бүйрек жұмысын жақсартады.
Оны салаттарға, құймақтарға немесе омлетке, етке, балыққа, теңіз өнімдеріне, тұздықтарға және сорпаларға қосуға кеңес беріледі. Бұл итальяндық тағамдарда айрықша бағаланады.

Эстрагон Эстрагон тәбетке оң әсер етеді, асқорытуға көмектеседі, асқазанның өту жолын жақсартады, қабынуға қарсы және босаңсытатын әрекетке ие, сарп, шорбуын, бүйрек ауруларының, тіс ауруының белгілерін жеңілдетеді. Омлетке
немесе құймақтарға, тұздықтарға, салаттарға, ет пен құстан жасалған тағамдарға қосымша ретінде көп қолданылады.

Арша

Арша асқазан және бауыр жұмысын реттейді, бүйрек жұмысын дұрыстайды, несепайдаушы әсер береді, бұлшықеттердегі ауырсынуды жеңілдетеді, асқорыту жүйесінің жұмысындағы бұзылыстарды тұрақтандырады, тері және тыныс алу қиыншылықтарында көрсетілген, сонымен қатар, күйзеліс кезіндегі әр түрлі бұзылыстарды емдейді.
Ет тағамдарында дәмдеуіштер ретінде қолданылады, құсқа да сәйкес келеді, ашытқан қырыққабатты, шөп сірке суын, маринадты, балық және ет консервілерін дайындауда, алкогольді ішімдіктер өндірісінде (арша арағы) қолданылады.
Күнзе

Күнзе асқорыту үдерістерін реттейді, асқазан кебуінің және асқорыту жолындағы бактериалды флораның шектен тыс өсуінің алдын алады.
Еттің әр түрлеріне, тұздықтарға, маринадтарға, саңырауқұлақтардан жасалған тағамдарға, араққа, ликерлерге, шараптарға, сонымен қатар маринадталған балыққа  дәмдеуіш ретінде қолданылады. Қытай және үнді тағамдарында кең тараған.

Майоран Майоран асқорытуға көмектеседі, асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді, бас ауруын және суық тию белгілерін жеңілдетеді.
Қуырдаққа, шұжықтарға, картоп пен көкөністерден жасалған тағамдарға қосымша болып табылады, тартылған етке, сорпаларға дәмдеуіш ретінде қолданылады, бұршақ сорпасына және басқа бұршаққынды өсімдіктерден жасалған тағамдарға қайталанбас хош иіс береді.   Жалбыз

Жалбызды өт бөлінуінің бұзылыстарында, өттің және өт жолының қабынуында, сонымен қатар өттегі тас аурулары мен сары ауруда, ісінулерде, асқазан шаншуларында, асқорыту және жүйке жүйесінің жұмысындағы бұзылыстарында, ұйқысыздықта, бас сақинасында, невралгияда, жүйке тырысуында және етеккір кезеңінің бұзылыстарында қоладанады.
Оны қосымша ретінде салатта, кондитер өндірісінде, сусындар, арақтар мен ликерлар өндірісінде, сонымен қатар хош иістендірілген сірке суын, қуырылған етті және зельц дайындауда қолданады. Ұлыбританияда жалбызды тұздық көптеген тағамдарға қосылатын дәстүрлі қосымша болып табылады.

ЖұпаргүлЖұпаргүл дірілдедің алдын алу үшін қолданылады, зарарсыздандыратын, несепайдағыш және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Тыныс алу жолдарының ауруларында, асқорыту бұзылыстарында, ісінулерде  көмектеседі.
Салаттарға, тұздықтарға, сүрленген етке, еттен жасалған қуырдаққа, сорпаларға және балыққа дәмдеуіш ретінде қолданылады, көкөністермен, ірімшіктермен және теңіз өнімдерімен жақсы үйлеседі. Итальяндық, испандық және мексикандық тағамдарда кеңінен қолданылады.

Розмарин Розмарин несепайдағыш әсер береді, өттің шығарылуына және дірілдердің тоқтауына көмектеседі, зарарсыздандырады, сарп ауруы белгілерін жеңілдетеді, асқазан, бауыр мен бүйрек ауруларында қолданылады, майдың өңделуіне көмектеседі. Саңырауқұлақтарға, сорпаларға және тұздықтарға, салаттарға, балыққа және теңіз өнімдеріне жақсы қосымша болады, макарондарға, картопқа және етке, сонымен қатар құсқа дәмдеуіш ретінде қолданылады.  Дәмдеуіш француз тағамдарында көп кездеседі.

Шатыраш

Шатыраш қабынуға қарсы және зарарсыздандыру әсерін көрсетеді, асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, ішектің толқи қимылдауын реттейді, іш ауруында, асқазан шаншуларында, қолданылады, сонымен бірге қызыл иектің, ауыздың, тамақтың, қабыну белгілерін жеңілдетеді, тері аурулары кезінде қолданылады.

Шатырыш – бұршаққынды өсімдіктерден, еттен, көкөністерден жасалған тағамдарды, маринадтарды, сорпаларды және тұздықтарды, сонымен қатар ликерлерді дайындау кезінде қолданылатын дәмдеуіш.

Тасшөп

Тасшөп уақ саңырауқұлақтарға қарсы, бактерияларға қарсы және қақырық түсіретін қатты әсер береді.
Оны ет тағамдарына, тұздықтарға, қуырдақтарға, құстан жасалған тағамдарға қосады, дәмдеуіш сүрленген етпен, ірімшіктермен, салаттармен және бұршаққынды өсімдіктерден жасалған тағамдармен жақсы үйлеседі.
Француз тағамдарында көп қолданылады.

шөптер, денсаулық, тамақтану,