«Шипагерлік Баяндағы» мінездемелік көзқарастар

XV ғасырдың дала ғұламасы, ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483) қазақ ханы Әз Жәнібек жарлығы бойынша шамамен 1460 жылдардан бастап «Шипагерлік Баян» кітабын жаза бастаған. 1475 жылдары Әз Жәнібек өлген кезде, 85 жас шамасында еді. «Осыдан кейін ел кезу қайта салтым болды, жазғаным соңғылыққа сарқын болмақ» деп жазды (13 бет). Менің айтпағым, «Шипагерлік Баяндағы» мінездеме ғылымына байланысты түсінгендерім мен түйгендерім.

Мінездеме атауының әр заманда аталуы әр түрлі болады. Өтейбойдақ заманындағы айтулы екі түрлі: бірі ми мен жүректің меңгеруіндегі істе, екіншісі мінездеме қалыптастыру және мінездемені көзіме байқау, тану деп атаған. Мінездеме ғылымы таяуда психология деп аталды, бұл екі замандағы атауды түсіндіру, баяндау, анықтау, дәлелдеу сөздеріне де айырма бар. Өтейбойдақ мінездеменің бірі адамның миы мен жүрегін меңгеруіндегі сөзі, әрекеті, құлқы, пейілі – деп төрт сөзге жинаған. Ал қазіргі ғылымда – сезім, түйсік, есте сақтау, ойлау, елестету, сана, ниет, сенім, әрекет деген мағыналар.
Өтейбойдақ мінездемені тану деген танталдық (мәнін көру, зер салу) ұғым деп, мынандай төрт сөйлемге жинақтайды:
1.Сол адамның әрекетін байқап, аңғарып, мінездік әрекетін тану және сол адамның әрекетін қалыптастыру деп түсіндірген.
2.Сөзіне қарап мінезін байқау, аңғару, ең соңында мінездік сөзін тану және қалыптастыру дегендік.
3. Мінездік сөз әрекетіне танталдық (көзбен ішкі мәнге көз жүгірту) таным қалыптастыра отырып, пейілділік мінезін тану және пейілін байқау.
4.Құлықтық мінезі жөнінде жан сырғылық (көңілде) қорытынды жасай отырып, сол адамның бүтін құлықтық мінезін танып жету және байқау.
Бұл төрт түр сол адамның мінезін тану ілімі деп те аталады. Тағы бір көзқарасында мүшелік сипатын, тұлғалық сипатын, сыр-қаттық сипатын байқап аңғар деп те айтыпты. Мұнда сол адамның мінезін танып, аңғарып қалмай, денсаулығы сырқаты және науқасы жөнінде де жан сырғылық қорытынды жасап, оны сол адамның дәрі қағазын (шипашақ) жазуға материал етіп, өзінің нақтылы ауру тексеруіне пайдалану материалы етіп, нақтамалыққа (диагностикаға) қол жеткізген.
5.Қазіргі ғылымдағы тағы бір түсіндіруде психология адамның психикалық қимылы мен оның заңдылығын зерттейтін ғылым делінген. Психикалық қимыл барлық адамда болады. Біздің миымыз дамылсыз қызметте. Көреміз, ойлаймыз, ұстап-байқаймыз, қуанамыз, ашуланамыз – міне осылар психикалық қимыл болады – делінген.
Қысқасы осы заман мінездеме (психология) ғылымын қалай түсіндірсе солай түсіндірсін, 550 жылдың алдындағы Өтей бабамыздың мінездеме деп түсіндіргенін тез ұғатын көрінеміз, тіпті қазіргі психологиялық аудармалардан әлде қайда түсінікті көрінеді.
Нақ, Өтей бабамыздың тілімен айтқанда мінездеме ғылымы дегеніміз – ми мен жүректің меңгеруіндегі адамзаттың сөзі, пейілі (ойлауы), құлқы (жүрек пен ми басқарған әрекетін сезілуі) әрекеті сияқты төрт саладағы іс мінездеме болады.
Қазіргі ғылымда психология мен психиканы анықтайтын, дәлелдейтін, айқындық сөздері сезім, түйсік, есте сақтау, ойлау, елес-
тету, сана ниет, сенім әрекет мағыналарында айтылып, түсіндіріліп жүр.
Оқырмандарға, сараптаушыларға, зерттеушілерге бұл айқын салыстырманы айта кеткенім – олардың ойлауына көмек болар деймін, өйткені Өтей бабамыз «дүние әріптес-
тікке (қайшылықта) жалғасады» деген (30 бет.) Содан сөз салым айырмасы (қайшылығы) болғанымен, мәні жақтан үлкен айырма бар ма, жоқ па, саралап көріңіз.
Ал, адамның жеке-дара мінезін байқау, аңғарту, тану – мінезді тану ғылымы болады. Немесе, жеке адамның өзін аңду, байқау, тану, мінез құлқын, пейілін байқау, түп мәнін танып – жету дегендік, немесе жеке адамның сөзін, әрекетін, пейілін байқау, түп мәнін танып –жету дегендік, немесе жеке адамның сөзін, әрекетін, пейілін, құлқын тану ерекшелшігін, қасиетін зерттейтін ғылым «жан тану ғылымы» делінеді.

Автор: Арын Саржанұлы Өтейбойдақ танушы-ғалым.. ҚХР. Күнес қаласы